Lada.kz порталы ақтаулықтарды «аборигенге» не үшін теңеді?
Lada.kz порталы ақтаулықтарды «аборигенге» не үшін теңеді?
241
оқылды

Қазақстандық Lada.kz сайты өзінің инстаграмдағы парақшасында Ақтаудағы ескерткіштердің біріндегі балаға бетперде таққан фотоны жариялап, «Аборигены в Актау очень очень суровы и ответственны...» деген жазба қалдырды. Пост жергілікті тұрғындардың шамына тигенін пікірлерден-ақ байқауға болады.

Ербол Ерғали есімді азамат Lada.kz порталы журналистерінің ылғи да қала тұрғындары арасында ұлтаралық қақтығыстардың ушығуын қоздыруды көздейтін посттар жариялайтынын сынға алды. Ал Руслан Халид есімді оқырман «абориген» сөзінің түпкі мән-мағынасына үңіліп, оны отарлаушы елдің азаматтары жергілікті тұрғындарға арнап қолданатынын жазды. «Американы жаулауға келген испандықтар жергілікті тұрғындарды аборигендер деп атаған. Қазақтарды абоиригенге теңеу – нағыз опасыздық. Бұл пост арқылы нені көздеп отырсыңдар?» деген пікірі оннан астам қолдауға ие болды. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі автордың қазақтарды төмендеткісі келгенін жазуда. Тіпті бұл әрекетті нақты жергілікті тұрғындардың істегенін дәлелдейтін фактінің жоқтығы да портал журналистерінің кәсібилігіне сын деп жазғандар да бар.