«Қазгидромет» РМК 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.