Желіде Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерінің COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге 880 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы посты жарияланды. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп жазады stopfake.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі де, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті де коронавирустық инфекцияны жұқтырған дәрігерлерге айыппұл салу туралы қаулы шығарған жоқ.
– Бұл жалған ақпарат. Мен осы хабарламаны жазған дәрігерге хабарластым, біз бәрін анықтадық. Қазір бұл мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы шаралар қабылдауда. Бізде мұндай заңдар жоқ және болмайды да. Оны нақты айта аламын. Біз әр дәрігерді бағалаймыз. Осы дәрігерлер бізге пандемиямен күресуге және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сіздерді тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты: t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.