Америкалық ғалымдар ер адамдарда бұрын белгісіз болып келген өлім қаупі жоғары ауруды анықтады, пациенттердің 40%-ы одан қайтыс болған, деп жазады NBC News.
Пациенттердің көбі ем қабылдағанмен бұл аурудан жазылмаған. Ауруды VEXAS синдромы деп атаған, белгісіз безгек, қан ұйығы, шеміршек және өкпе қабынуы болған. Осының бәрі маңызды органдарға әсер етуі мүмкін.
"Пациенттер ешқандай емнен жазылмайды, химия терапиясын да жүргізіп көрдік", ‒ деді ғылыми мақаланың аға авторы, доктор Дэн Кастнер.
Ғалымдар зерттеу жүргізу кезінде жаңа генетикалық ауруды анықтады, олар ер адамдрада UBA1 тұқымының өзгергенін анықтаған.
Бұл жаңалық осы сирек кездесетін аурумен ауыратындарға тиісті ем тағайындауға септігін тигізеді деп күтіліп отыр.