Қазақстан Қытай, Ресей және Өзбекстанға шекаралық аймақтардағы ұялы байланыс сигналына байланысты наразылық білдірмек. Бұл туралы ақпарат Мәжілістегі депутаттық сауалға Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жауабында айтылды.
Министр шекара маңында ұялы байланыс сигналы тұншықтырылатын қашықтық операторлармен халықаралық келісімдер арқылы реттелетінін айтқан. Мұндай қашықтың ел ішіне қарай 3-тен 90 шақырымға дейін тереңдей енуі мүмкін. Сондықтан көршілердің ұялы байланыс операторлары өздерінің сигнал тарататын құрылғыларының қуатын реттеуі тиіс. Ал көрші елдердегі ұялы байланыс операторларының қуатты радиосигналдарына бақылау орнатып, тиісті шараларды қабылдау үшін халықаралық жиілік координациясы керек. Сонымен қатар министр Қырғыз Республикасымен шекарадағы радиосигналдар мәселесін де мысал ертінде келтірді. Өйткені бұрын сол төңіректе отандық операторлар көрші елдің роумингіне өтіп кететін. Кейін екі жақ келісіп бұл мәселені шешті. Енді Қытай, Ресей және Өзбекстанмен шекарада мұндайға жол бермеу жағы қарастырылмақ. Сол үшін министрлік көршілерге наразылық білдіруді жоспарлапты.А.ҚҰРМЕТ