Медиа жаттықтырушы, халықаралық коуч-маман, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібаймен кездесу дәл осындай ұранмен өтті.
Ақерке – «Jas Otan» ЖҚ түлегі, жарқын өкілі, ұйымның идеясы мен құндылықтарының жақтаушысы.
Ақерке Берлібай, медиа жаттықтырушы:
— Jas Otan мен үшін альма-матер. Көптеген қазіргі басқарушылар мен өз салаларының көшбасшылары өз қызметін дәл Жас Отаннан бастады. Ұйымның қатарына жас және белсенді адамдар көбірек кіретіні қуантады. Белсенділермен өз білімімен, дағдылармен және тәжірибеммен бөліскім келеді.
Ақерке жаңа бастаушы журналистермен, блогерлермен, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланғысы келетін және танымал болғысы келетіндермен өзінің тәжірибесімен бөлісуі бірінші жыл емес.
Бүгін Ақерке жеке бренд құрудағы басты ерекшеліктер мен фишкалар туралы айтты. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бренд құруды қолданудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Жасотандықтар мәтінді жазуға және оны тексеруге арналған қызықты платформалармен, фото және видео редакторларымен танысты. Сондай-ақ, олар жеке контент жоспарды қалай мазмұнды құру және оқырмандары үшін қызықты болу туралы білді.
Айта кетейік, пандемияға байланысты бұл кездесу Zoom онлайн платформасында өтіп, бүкіл ел бойынша 300-ден астам адамды біріктірді.
Кездесу барысында медиа жаттықтырушы әлеуметтік желіде парақшаны жүргізудің құпиясымен бөлісті: «Әлеуметтік желілерді жылжытуда бастысы – 4D брендинг теориясын ұстану»,- дейді Ақерке. «Есіңізде болсын, жақсы бренд алдымен танымалдылыққа, содан кейін даңққа ие болады, содан кейін монетизацияға әкеледі. Қазір танымал вайнерлер өздерінің қатысуымен немесе өз парақшаларында жарнама жасағаны үшін үлкен пайда табуда»,- деп атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жаттықтырушыға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.