Алматыда дәстүрлі «Алтын қалам» әдеби бәйгесінің нәтижесі шығып, жүзден жүйрік шыққан авторлар марапатталды. Шығармашылық жұмыстар 15 наурыз бен 15 қыркүйек аралығында қабылданып, оқырмандар байқаудың ресми сайты арқылы дауыс берген. Байқауға ұзын саны 397 автордан 778 шығарма келіп түскен.
Байқауға ұзын саны 397 автордан 778 шығарма келіп түскен.
Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енді. Байқау қорытындысы бойынша, балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясы ұсынған 1 миллион теңгені Қарлығаш Сарыбаева жеңіп алды. Оқырманның және қазылардың таңдауымен «Жылдың үздік поэзиясы» аталымында ақтөбелік Дәурен Тілеухан, проза аталымында шымкенттік Гүлнәр Ізтаева, киносценарий және драматургия аталымында нұрсұлтандық Қуаныш Жиенбай үздік шыққан. Өзге жеңімпаздардың тізімі төмендегідей: «Жылдың үздік сатирасы» – Амандық Сағынтайұлы (Атырау);
«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» – Оралбек Бекболат (Кентау);
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» – Әбдіжәміл Нұрпейісов;
«Лучшая поэзия года» – Ольга Кувшинникова (Өскемен);
«Лучшая проза года» – Қуаныш Жиенбай (Нұр-Сұлтан);
«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» – Ксения Евдокименко (Алматы);
«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» – Ерлан Көшкінбаев (Алматы);
«Лучшая фантастика и детектив года» – Әлнұр Құрманғали (Алматы);
«Лучший киносценарий и драматургия года» – Ксения Евдокименко (Алматы).
Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ