Елімізде 3 164 бала коронавирус жұқтырған
Елімізде 3 164 бала коронавирус жұқтырған
5,173
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа шалдыққан 340 баланың бақылауға алынғанын айтты. 
«Биыл елімізде барлығы 3 164 бала коронавирус жұқтырды, оның 114-і жаңа туған нәресте. Балалардың 85 пайызында (2697) індет симптомсыз және жеңіл болды, 14,2 пайызында (448) орташа дәрежеде және 19 балада ауыр өтті. Қазіргі уақытат короеавирусқа шалдыққан  340 бала бақылауда тұр, оның ішінде жаңа туған 3 нәресте бар, 18 жасқа дейінгі балалар саны-337, емдеуге жатқызылғандар - 55, амбулаториялық емдеуде – 285. 7 (2,1%) балаға вирустық пневмония диагнозы қойылған, 3 (0,9%) пациентте пневмония негізінен бактериялық сипатта екені анықталды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, балаларда коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.