Қазақстанда 519 оқушы коронавирусқа шалдыққан
Қазақстанда 519 оқушы коронавирусқа шалдыққан
159
оқылды

Қазақстанда 519 оқушы коронавирусқа шалдыққан. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Біз күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Қазір 519 оқушының індетке шалдыққанын анықтадық. Кезекші сыныптарда оқитын 186  және қашықтан оқитын 333 оқушы коронавирус жұқтырған», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3164 бала коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.