Шымкентте өзін алып қашқандарға көнбеген қыз терезеден секірді
Шымкентте өзін алып қашқандарға көнбеген қыз терезеден секірді
167
оқылды
Шымкентте өзін алып қашушыларға көнбеген қыз терезеден секірді.
Жараланған қыздың жамбас, омыртқа сүйектері сынып, оған қоса, ол басқа да ішкі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, -деп хабарлады куәгерлер.
otyrar.kz басылымының ақпаратынша, қазір қыздың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер қолдан келген көмегін жасауда, қыз енді мүгедек болып қала ма – оны дәрігерлер әзірге айта алмай отыр. Полицейлер тергеуге кірісті.  
Енді қызды алып қашқан "күйеу балаға" бірнеше бап бойынша айып тағылуы мүмкін: өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу, адамды бостандығынан заңсыз айыру, тіпті зорлау бабы да пайда болуы мүмкін.