Ер адам бір күн ішінде екі рет суицид жасамақ болды
Ер адам бір күн ішінде екі рет суицид жасамақ болды
186
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында бір күн ішінде екі рет суицид жасауға оқталған жас жігіт аман қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел басқару орталығына 14:20-да жас жігіттің Алаш тас жолы бойындағы көпір үстінен секіруге оқталғаны туралы хабарлама түскен. Куәгердің айтуынша, көпірден секірмек болған жігітті оны қасынан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған. Оқиға орнына келген патрульдік полиция экипажының қызметкері Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов көпір қоршауының жиегінде төмен қарай секіргелі тұрған жігітті көрген. Сосын тәртіп сақшылары оны әңгімеге тартып, санаулы секунт ішінде, жігітті ұстап, қауіпсіз жерге алып шыққан. Өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы астаналық жігіт қосымша тергеу үшін Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оған психологиялық көмек көрсетілген. https://www.youtube.com/watch?v=A7b-cUIlxoI&feature=emb_logo