"Қазгидромет" РМК 6 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Ақмола облысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.
6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 6 қарашада күндіз, 7 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман күтіледі.