1 желтоқсаннан бастап Түркістанға Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшақ қатынай бастайды
1 желтоқсаннан бастап Түркістанға Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшақ қатынай бастайды
5,197
оқылды

FlyArystan отандық лоукостері Нұр-Сұлтаннан Түркістанға 6999 теңгеден басталатын және Алматыдан Түркістанға 5999 теңгеден басталатын билеттерді сата бастады.

Рейстер 1 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рет орындалады. Болашақта нарықтың талап етуіне қарай рейстер санының ұлғайтылуы да қарастырылады. Рейстер Нұр-Сұлтаннан сейсенбі мен жұма күндері, ал Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері орындалатын болады. – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген орта ғасыр сәулетінің жауһары, бүкіл қазақстандықтардың баруға тиісті киелі жерлердің бірі екенін атап кеткен жөн. Бұған қоса аталмыш елді-мекен бұрындары Яқсарт, ал қазіргі Сырдарияның солтүстігімен шектесетін Отырар қаласымен шеттеседі. Жібек жолы бойындағы ірі шаһардың тарихы да керемет – дәл осында Александр Македонский жеңіліске ұшырап, ал 1405 жылы Ақсақ Темір Отырарда көз жұмған екен. Енді тарихы бай өлкеміз ірі қалаға айналып, өзінің қонақтарын жаңадан салынған Хазрет Сұлтан әуежайында қарсы алмақ. Жайлы сапарлар Еуразияның бірінші лоукостері әуелайнерлерімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан орындалатын болады, - деді «Air Astana» компаниялар тобының Президенті Питер Фостер.