Балқаш қаласында енгізілген карантиндік шектеулер алынып тасталды
Балқаш қаласында енгізілген карантиндік шектеулер алынып тасталды
187
оқылды
Балқаш қаласында коронавирусқа байланысты 24 қазанда енгізілген қатаң шектеулер алынып тасталды. Еске сала кетейік, Балқаш қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Лена Батанаеваның қаулысымен қала аумағында коронавирус инфекциясының тіркеу жағдайларының көбеюіне байланысты 24 қазан сағат 00.00-ден бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Атап айтқанда:
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
  • Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады.
  • Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдар жабылады.
  • Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандырылады (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефоны, жеткізу қызметі жарияланады.
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеледі;
  • Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түрлеріне тыйым салынады.
  • Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақытын сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
  • Азық-түлік сауда нысандарына жұмысын уақытын сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
  • Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар қызмет көрсетуді алдын-ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің ара-қашықтығын сақтайды.
  • Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізілмейді.
  • Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол берілмейді.
  • Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдері, оның ішінде азаматтық персоналы қашықтықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50%-ы) көшіріледі.
Бүгіннен бастап аталған шектеулер алынып тасталды. Енді қала жұртшылығы бүкіл облыс бойынша қарастырылған жалпы шектеулерге бағынады.