Екі жылға бас бостандығынан айырылды
Екі жылға бас бостандығынан айырылды
218
оқылды

Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғынын ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол әлеуметтік желілерде Қазақстанда тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратты деген күдікке ілініп отыр.

«Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігіндегі «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары аудиожазбаларды алып, сараптамаға жіберді» делінген хабарламада.
Тергеу материалдары шешім қабылдану үшін сотқа жолданды. Аудандық соттың шешімімен Бәйдібек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Ж.НҰРЛАН