Құрт сатқан ақшасына үй салып алған жігіт
Құрт сатқан ақшасына үй салып алған жігіт
273
оқылды
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы отбасы құрт сатып, одан түскен ақшаға үй салып алған. Ниетқабыловтар отбасы сүт өнімдерін өндірумен айналысып жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Олардың шаруашылығында 20-дан астам сиыр бар. Құрт жасау процесін тездету үшін қарапайым ет тартқышты қолданады. Соның көмегімен үйде жасалған құрт зауытта шығарылғандай болып көрінеді. Пішіні де бірдей, біркелкі болып шығады. “ Әйелім екеуміз сиыр сауамыз. Қыста сүт аз болса да құрт дайындауды тоқтатпаймыз. Еңбекқорлыққа үйренген балаларымыз, бізге  үй шаруашылығына көмектеседі”, – дейді Сарықұдық ауылының тұрғыны Дулат Ниетқабылов. Күніне олар  400-дей құрт дайындайды. Оны арнайы дайындалған жылы бөлмеде құрғатады. Әр апта сайын отағасы құртты сату үшін қалаға барады. Әлия Ниетқабылованың айтуынша, қазір сұраныс көп, 1-2 мыңдай сатады екен. «Біздің құртты тіпті Атырау тұрғындары да сұрайды”, – дейді ол. – 15 жыл ата-анамызбен тұрдық.  Бір жыл бұрын ғана өз шатырымызға қол жеткіздік. Мұның бәрі табанды еңбектің арқасында. Осындай күш-жігермен тапқан ақшаның әрбір тиынын үнемдейсіз”, – деп мойындады Дулат Ниетқабылов. Алдағы уақытта сүт бизнесімен айналысатын отбасы цех салып, құрт өндіретін жабдық сатып алмақ.