Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко оның қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқанын жекізді.
- Менің қорғауымдағы Елжан Біртанов еліміздегі бүкіл әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оған қолдау білдіргендердің барлығына шын жүректен алғыс айтады. Ол үшін қазақстандықтардың қолдауын сезіну маңызды, үлкен мәртебе, - деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановты қамауға алғанын жазған болатынбыз.