Пульмонолог-дәрігер, республикалық аймақаралық пульмонологиялық комиссияның төрағасы Константин Гаркалов Facebook-тегі Медициналық сақтандыру қорының парақшасында коронавирустың екінші толқынына қатысты пікір білдірді.
Ол Қазақстанда коронавирус маусым айындағыдай қатты өршімеуі мүмкін деген пікірде.
"Екінші толқын 2020 жылдың маусым-шілдесіндегідей болады деп ойламаймын. Жазда коронавирусқа шалдыққандар көп болды. Ресми статистика бойынша науқастардан бөлек дәрігерге қаралмағандар да көп болды. Сондай-ақ алғашында ПТР нәтижесі теріс болғандар есепке алынбады. Маусым-шілдедегідей жағдай қайталанады деп ойламаймын", - деді ол.