Ауызсу мәселесі қаралды
Ауызсу мәселесі қаралды
121
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отыры­сы өтті.

ZOOM  қосымшасы арқылы өт­кен онлайн талқылаудың күн тәртібінде өңір халқын ауызсумен қам­тамасыз ету жөніндегі бағ­дар­ламаны іске асыруға бөлінген бюд­жет қаражатын тиімді пай­далануды қамтамасыз ету бойын­ша жүргізіліп жатқан жұмыс ба­рысы талқыланды. Партиялық ба­қылау комиссиясы облыс бойын­ша Тұғыл (Тарбағатай ауда­ны), Қайнар, Шүлбі (Семей қа­ла­сы) және Ахмер (Өскемен қаласы) ауыл­дарының тұрғындарын орта­лық­тандырылған ауызсумен уа­қы­тылы қамтамасыз етпегені үшін жауап­кершілікке тарту мәселесін қа­рады. Жиын соңында Шығыс Қа­зақстан облысының энергетика жә­не тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­­шылық басқармасының, Се­мей қаласының ТҮКШ және тұр­ғын үй инспекциясы бөлі­мі­нің жә­не «Семей Водоканал» өкілдері­нің есебі тыңдалды.

Әбілмансұр ЖАСАН