«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
ZOOM қосымшасы арқылы өткен онлайн талқылаудың күн тәртібінде өңір халқын ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы талқыланды. Партиялық бақылау комиссиясы облыс бойынша Тұғыл (Тарбағатай ауданы), Қайнар, Шүлбі (Семей қаласы) және Ахмер (Өскемен қаласы) ауылдарының тұрғындарын орталықтандырылған ауызсумен уақытылы қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тарту мәселесін қарады. Жиын соңында Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Семей қаласының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің және «Семей Водоканал» өкілдерінің есебі тыңдалды.Әбілмансұр ЖАСАН