Түркістанда зияткерлік мектебі ашылды
Түркістанда зияткерлік мектебі ашылды
293
оқылды

Түркістандықтар үшін қа­ла­да A.Q. ORDA зияткерлік мек­­тебі ашылды.

Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6-сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сон­дай-ақ ағылшын тілі де тереңдетіліп оқытылады. Мек­тепте пәндер тереңдетіп оқы­тылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауаттылық сынды түрлі үйір­мелер де жұмыс істейді. Тіпті, дом­быра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Мектептің тағы бір ерекшелігі, кәсіби, тәжірибелі мамандарды жан-жақтан тартып, білім сапасына мән беруінде. Арасында шет елдерде білім ал­ғандар да бар. Мектептің ашылу салта­натында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мек­тептің ашылуымен құттықтап, педагогтердің еңбектеріне шығар­машылық табыс тіледі.

 Тельман БЕЙСЕН