Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов оқушылардың екінші тоқсанда қалай оқитынына қатысты сауалға жауап берді.
Оның айтуынша, әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша жеке шешім қабылданады.Ал қызыл және сары аймақтағы өңірлер бойынша Ведомствоаралық комиссия шешім қабылдайды.
"Жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Сіздер басқа елдерде не болып жатқанын, коронавирустың қалай таралып жатқанын көріп отырсыздар. Өңірдің эпидемиялық ошаққа қаншалықты жақын орналасқаны ескеріліп, мәселе шешілетін болады. Оқушылардың екінші тоқсанда қалай оқитыны бойынша жақында шешім қабылданып, БАҚ пен жұртшылыққа хабарланарына сенімдімін", - деді ол.