Алматыда полиция қызметкерлері сот орындаушылары және МКД қызметкерлерімен бірге «Борышкер» іс-шарасы кезінде 27 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, деп жазды Polisia.kz.
«ЖАІ-ның үш күн ішінде қарызының жалпы құны 1 миллиард 223 миллион 170 мың 004 теңгені құрайтын 21 көлік анықталды. 21 автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылған. Көлік құралдарының жүргізушілеріне 2 миллион 072 мың 686 теңге қарызы туралы хабарламалар берілді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Рейд кезінде «Lada Granta» автокөлігі тоқтатылды, оның иесі 1989 жылы туған Ф. есімді азамат жол ережесін жиі бұзған және жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайтын төленбеген айыппұлы бар.
Әкімшілік полицияның мәліметінше, тағы бір автокөлік жүргізушісі бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін сегіз рет бұзған. Бұл жолы айыппұлдың мөлшері 119 мың теңгеден асты.