Бас санитар Нұр-Сұлтанның сары аймаққа енгенін айтты
Бас санитар Нұр-Сұлтанның сары аймаққа енгенін айтты
207
оқылды
Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанда коронавирус өршіп тұрғанын айтты.
"Қазір Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа енген. Бұндай жағжайда бізде карантин жеңілдетілмейді. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ", - деді Пірәлиева.
Пірәлиеваның айтуынша,  елордада бұрынғы карантиндік режим сақталады. Басқа өңірлерден келіп, індетті жұқтырғандар да тіркелген.