Елорда тұрғыны бір аптада 20 несие алған
Елорда тұрғыны бір аптада 20 несие алған
146
оқылды

Ол қарызын екінші деңгейлі банктерде және онлайн қаржы ұйымдарында рәсімдеген. Бұл заңсыз үстемені азайтып, азаматтарға қарызын төлеуге көмектесетін ком­­панияда қаралған істің бірі. Олар микроқаржылық ұйым­дардың әрекетіне сот және медиация арқылы ықпал етеді.

Мекеме басшысы Самал Абаева­ның айтуынша, компания 3 жылда 20 мыңнан астам адамға жәрдемдескен. Дегенмен заңды кедергілерді айналып өтіп, он­лайн несиеге үлкен про­цент­тер қосатын микро­қар­жылық ұйым­дар жоқ емес. Саланы реттейтін заңға өзге­рістер енгізілгенге дейін мұндай меке­мелер ортақ реестрде тір­кел­меген. Яғни, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында болмаған. Олар қарыз алушының төлем қа­­білеттілігі туралы, тағы қандай қарыздары бар екенін тек­сер­меген. Тіпті, зейнетақы жи­нақ­тары жайында да ақпарат ал­маған. Сондықтан кейбір аза­маттар бір уақытта бірнеше несие рәсімдеген. «Бірақ агент­тік талаптарды кү­шейт­кеннен кейін микро­қаржылық ұйым­дардың қыз­метіндегі заң­бұзу­шылықтар азайды», – дейді ком­пания бас­шысы. «Қазақстанда адам басына 3-4 несиеден келеді. Бұл – несие бюросында тіркелген ақпарат. Кө­біне клиенттеріміз бір қа­рызын жабу үшін екін­шісін алады. Бірақ іс жүзінде бұл жұмыс істемейді. Өйткені өсім­пұлы үлкен. Статистикаға сәй­кес, 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі микронесиеге 100-150 мың теңге үстеме қо­сылады», – деді заңдық қызмет көрсететін ком­пания басшысы Самал Абаева.

 Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ