«Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар конференциясы басталды
«Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар конференциясы басталды
273
оқылды
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) алаңында «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) қағидаттарына көшу мәселелері бойынша II Халықаралық конференция ашылды. Қатарынан үш жыл бойы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара  - аймақтағы  «жасыл» технологиялар саласындағы ең ірі оқиға. Конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, Ұлт Көшбасшысы айқындаған және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырған «жасыл» бағыт - мемлекеттік реформалар үшін бағдар болады.
«Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси даму факторлары біріктіріліп, Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай процесс ретінде қарастырылуы қажет. Экология ешқандай шектеулерге, ұлтқа бөлінбеуі тиіс, сондықтан тек үйлесімді, бірлескен күш-жігермен ғана біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе аламыз», - деп атап өтті Вице-министр.
Жалпы конференцияға қатысушыларға офлайн және онлайн режимдерінде ашық талқылау барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында «таза» технологияларды енгізу проблемаларын талқылауға және адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға әкелетін және қоршаған ортаға қолайсыз әсерді және экологиялық тозу тәуекелдерін едәуір төмендететін құралдарды ұсынуға мүмкіндік берілді.