Елордада әйелдерді алдайтын алаяқ ұсталды
Елордада әйелдерді алдайтын алаяқ ұсталды
172
оқылды
Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.  
"Әйел ер адаммен әлеуметтік желіде танысқан. Бірте-бірте ер адам оның сеніміне кіріп, өзінің байланыстары арқылы төмен бағамен пәтер сатып алуды ұсынады. Жәбірленуші келісіп, 4 миллион теңгені жаңа досына береді. Ақша алғаннан кейін ер адам телефон қоңырауына жауап беруді біртіндеп доғарып, содан кейін мүлде байланысты үзеді", - делінген хабарламада.
  Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті анықталып, қамауға алынды. Полиция анықтағандай, ер адам осыған ұқсас тағы екі қылмысты жасады деген күдікке ілінген және бұрын алаяқтық үшін сотталған. Алдау үшін ол романтикалық қарым-қатынаста болған әйелдерді таңдаған. Күдікті сенімге кіре отырып, пәтерді арзан бағамен сатып алуды немесе қымбат телефонды арзанға сатып алуды ұсынады. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Аалаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.