Елбасы әрбір бала қандай жағдайда қазақ тілінде сөйлейтінін айтты
Елбасы әрбір бала қандай жағдайда қазақ тілінде сөйлейтінін айтты
199
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің оқыту ауқымын кеңейтіп, қолданылу тиімділігін көтеретін уақыт келді деп есептейді.
"Қазақ тілінің біріктіруші фактор бола алатын әлеуеті бар. Еліміздегі барлық ұлттың бірлігін нығайта алады. Тіліміз ұлтаралық қарым-қатынас тілі болуы үшін оның қолданылу ауқымын біртіндеп кеңейтіп,  тіл үйренушілер санын арттыру керек», — деді Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясының отырысында.
Бұл ретте ол қазақ тілін тегін үйрететін 90 орталық барын айтты. Алайда олардың тиімділігі көңіл көншітпейтінін де баса айтты.
«Біз әрбір бала мектеп бітірген соң мемлекеттік тілді меңгеріп, оқитын, жазатын және сөйлетін деңгейге жетуі үшін жағдай жасауымыз керек,  —деді Назарбаев.