Айқын Қоңыров Қазақстанның Халық партиясының төрағасы болып сайланды
Айқын Қоңыров Қазақстанның Халық партиясының төрағасы болып сайланды
378
оқылды
Қазақстанның халық партиясының кезектен тыс XV съезі барысында партия төрағасы болып Айқын Қоңыров сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның Халық партиясының төрағасы ретінде Қоңыров Айқын Ойратұлын сайлауды ұсынамыз», - деді Орталық комитет сайлау бюросының мүшесі Виктор Смирнов.
Партияның жаңа басшысын сайлау туралы қаулы съезд қатысушыларының бірауыздан қолдауына ие болды. Одан бөлек, Қазақстанның Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы болып Жамбыл Ахметбеков, Гауһар Нұғыманова, Виктор Смирнов және Тұрғын Сыздықов сайланды.