Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден үшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталғанын айтты.
Байғабыловтың айтуынша, бүгін түнде Шарм-әл-Шейхтен Нұр-Сұлтанға 241 жолаушысы бар ұшақ қонды. Олардың 22-сінде ПТР анықтама болмаған, сондықтан олар 7 күндік карантинге жатқызылды.
Осылайша, карантинге жатқызылған жолаушылар арасынан біреуінен коронавирус анықталды.