«Қазгидрометтің» хабарлауынша, циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с-ден асып кетуі мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с-ке жетеді, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ке күшейеді.
Павлодар, Қостанай областарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с-ке жетеді
Павлодар облысында күндіз екпіні – 23-28 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.