Ғалымдар коронавируспен ауырғандар ақыл-есінен адасуы мүмкін екенін айтты
Ғалымдар коронавируспен ауырғандар ақыл-есінен адасуы мүмкін екенін айтты
199
оқылды

ВВС-дің хабарлауынша, зерттеу нәтижесінде ғалымдар осындай тұжырым жасаған. Коронавирусқа шалдыққандардың 20%-ында 90 күн ішінде психикалық ауытқулар пайда болғанын зерттеген.

Коронавируспен ауырған әрбір бесінші адамнан белгілі бір психикалық ауытқу байқалған. Оксфорд университетінің зерттеушілері коронавируспен ауырған науқастарды зерттеген. Адамдар аурудан айыққан соң депрессия мен ұйқысыздыққа душар болғанын дәлелдеген.

«Дәрігерлер мен ғалымдар емделген науқастардың психологиялық ауытқуға неліктен ұшырайтын себебін анықтауға кірісті», ­– деді профессор Пол Харрисон.

Ал әзірге дәрігерлер қашықтық сақтап, масқа тағу арқылы ғана аурудың таралуына тосқауыл қоямыз дегенді ғана айтып отыр.