Тағы екі облыс коронавирус жұқтырғандар саны бойынша "қызыл аймаққа" енді
Тағы екі облыс коронавирус жұқтырғандар саны бойынша "қызыл аймаққа" енді
138
оқылды
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус жұқтырғандар саны бойынша "қызыл аймаққа" енген өңірледі атады. Оның айтуынша, Қостанай облысы мен Батыс Қазақстан облысы "қызыл аймақтар" қатарын толықтырды.
"Бізде "қызыл аймаққа" Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы кірді. Ал "сары аймақта" Ақмола мен Нұр-Сұлтан тұр. Қалған өңірлер "жасыл аймақта", - деді Қиясов онлайн-брифингте.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 118 491-ге жетті.