Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар 2 аптада 1,7 есе өсті
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар 2 аптада 1,7 есе өсті
126
оқылды

ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев соңғы 2 аптада еліміздің барлық өңірінде коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскенін айтты.

«12 қарашадағы жағдай бойынша 118 491 науқас тіркелді.  108 632 науқас сауығып шықты. Бүгінгі күні 7 941 науқас емделіп жатыр. 1 899 отандасымыз қайтыс болды. Соңғы тәулікте 587 адам коронавирус жұқтырған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айуынша, соңғы 2 аптада еліміздің барлық өңірінде коронавирусқа шалдыққандар  күрт өскен. Өткен аптамен салыстырғанда індетті жұқтырғандар 1,7 есеге өсті.