Айбатыр Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Айбатыр Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
299
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты тергеудің тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов онлайн-конференция кезінде айтты.

Оның айтуынша, қор қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы сараптама  жүргізіліп жатыр. Алайда оны тексеру деп атауға болмайды.

"Бұл тексеру емес, бұл бизнес-процестерді талдау. Қылмыстық-құқықтық аспектіде қордың бұрынғы директорына қатысты мәселе жоқ. Талдау қорытындысы бойынша қордың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар әзірленеді", - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшысы қор қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.