Нұр-Сұлтанда қалың қар салдарынан бір күнде 100 жол апаты болды
Нұр-Сұлтанда қалың қар салдарынан бір күнде 100 жол апаты болды
5,127
оқылды

Нұр-Сұлтанда түскен қалың қар салдарынан бір күнде 100 жол апаты болды, -деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жауын-шашынның түсуіне және көктайғаққа байланысты қала көшелерін тазалау үшін коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Елорда тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз, патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау керек. Олар техника колонналарымен бірге жүреді. Қар тазалайтын техникаға кедергі жасамай, көлікті жол бойына қалдырып кетпеуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері жол апаттарынан ешкімнің зардап шекпегенін айтты.