Елордада 10 мыңнан аса ерекше білімді қажет ететін бала оқиды
Елордада 10 мыңнан аса ерекше білімді қажет ететін бала оқиды
222
оқылды

Елордада ерекше білімді қа­жет ететін балалар үшін 15 арнайы білім беру ұйымы  жұ­мыс істейді. Ұйымдарда 10 мыңнан астам бала тір­келген.

Ең алдымен, психологиялық-ме­дициналық-педагогикалық кон­­­­­сультацияның (ПМПК) қо­рытындысы арнаулы ұйымдарға қа­былдауға мүмкіндік береді. Қа­былдау алдын ала жазылу арқы­лы ата-аналар үшін ыңғайлы фор­мат­та, яғни тікелей жүгінген кез­де, теле­­фон арқылы, сонымен қа­­тар биыл тамыздан бастап egov. kz элек­­­тронды үкімет порталы ар­қылы жүзеге асырылады. «Бүгінгі таңда психологиялық-меди­циналық-педагогикалық кон­сультациялар штаттық режимде жұ­мыс істейді, сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша он­лайн-тексеру жүргізу де мүмкін. Даму ерекшеліктеріне байланысты эмо­ционалды-еріктік саласы мен мі­нез-құлқы, сондай-ақ есту және көру қабілеті бұзылған балалар штат­тық режимде қабылданады» деп атап өтті Білім басқармасы өкіл­дері. Қашықтан жұмыс істеу фор­маты кезеңінде 1 767 бала онлайн тексеруден өтті, оның нәтижелері бойынша әрбір баланың жеке білім беру маршруты әзірленді. Психологиялық-педа­гогика­лық түзету кабинеттері (ППТК) мен оңалту орталықтарына келе­тін болсақ, бұл ұйымдар да­муын­да ауыт­қуы бар балалар мен жас­өс­пірімдерді оңалту және әлеу­меттік бейім­деу үшін кешенді қол­дау көрсетеді. Қазіргі уақытта 1 413 бала пси­хологиялық-педагогикалық көмек алуда. Қашықтан оқытуға көшуге байланысты балаларды түзету-дамыту қызметімен қамту 10% арт­­қаны байқалады. Сонымен бір­­­ге, визуалды және эмоционалды байланыстың болмауынан, аутизм секторы бұзылған балалар мен көру қабілеті бұзылған балалар үшін қашықтықтан оқыту қиындықтар туғызды. Сондықтан олар штаттық режимге ауыстырылып, жеке сабақ кестесі жасалды. Ата-аналарға ке­ңес беру онлайн-режимде өтуде», – дейді басқарма өкілдері. Осындай мекемелердің бірі – «№1 психологиялық-педа­го­ги­калық түзету кабинеті» КММ. Мұн­­­да балалар үш айдан бір жыл­­­­­­­­­ға дейін жатады. Арнайы ко­мис­сиядан өткеннен кейін балалар арнайы мамандарға жіберіледі. «Әр балаға карточка ашылған, онда барлық көрсеткіштер жа­зы­лады. Тез жақсарып кететін ба­лалар бар, бірақ дені көп уақытты қажет етеді. Біздің қызметкерлер арнайы әдістемелерді қолданады», – деді дефектолог мұғалім, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық тү­зету кабинеті» КММ басшысы Ба­қыт Амрина. Басқарма мәліметінше, биыл арнайы білім беру ұйымдарының желісі ұлғайған. Шілдеде №5 «Асыл Мирас» психологиялық-педа­гоги­калық түзету кабинеті ашыл­ды, он­да халықаралық сер­тификаты бар мамандар жұмыс істейді. Жаңа 2 мектептің (№8, 89) базасында әрқайсысы 30 орын­дық инклюзияны қолдау ка­бинеттері ашылды. №3 пси­хологиялық-медициналық-пе­­­­да­­­­­гогикалық консультация және № 2 психологиялық-педа­го­­гикалық түзету кабинеттері үшін Шыңғыс Айтматов көшесі 41/А мекенжайынан кең ғимарат қа­растырылған. Бұл өз кезегінде ба­лаларды қамтуды 50% арттыруға мүмкіндік берді. «Қазіргі уақытта қалада зерде бұзылыстары бар (ин­теллект) балаларға арналған арнайы мектептер жұмыс істейді, онда 876 оқушы қамтылған. Соны­мен қатар, сыныптардағы оқу­шының саны 12-ден аспайды», – дей­ді мамандар. Сонымен қатар биыл №3 ар­найы мектеп-интернат ашылды, ал №1 мектеп-интернат базасында үйде оқитын балаларды түзету үшін ресурстық орталық жұмыс істей бастады. Орталықта бала­лар түзету-дамыту және жеке са­бақтарға, емдеу-сауықтыру ша­раларына (бассейн, ЕДШ, массаж, физиотерапия) қатысады.

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Нұр-Сұлтан