Ұлттық рухты оятатын шаралар
Ұлттық рухты оятатын шаралар
275
оқылды

Қазақстанның  Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласы  осыдан 3 жыл бұрын  жарияланған болатын. Ел­басының рухани жаңғыртуға жетелейтін бағдарламалық мақа­ла­сын­да тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стандықтың санасын жаңғыртудың бір­неше басым­дықтарын айрықша атап айтқаны бар­шаға белгілі.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Осынау бағдарламаны жүзеге асыруда білім алу­шыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа тәр­биелеп,   прагматизм мен бәсекеге қабі­леттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз. Рухани жаң­ғыру бағдар­ламалық мақаласында бір­қатар жоба қарастырылған. Бүгінде еліміздің барлық аймағында Рухани жаңғыру кеңсесі ашылып, мекеме осынау жобалар негізінде іс-шара­лардың өтуіне мұрындық болып отыр. Соның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Туған жер» бөлімін іске асы­ру аясында ұйымдастырылған «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ рес­публикалық зияткерлік конкурсы. Рес­публикалық конкурсқа Шымкент қа­ласынан 4 оқушы қатысқан болатын.  Рес­публикалық ке­зеңнің қорытындысы бойынша Шымкент қа­ласынан қатысқан Илхом  Пайзахматов, Ме­дет Мұратбек және Бексұлтан Мықтыбек 1-орынды жеңіп алса,  Нұрбақыт Назарбаев 2-орынды еншіледі. Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің дипломымен мара­пат­талды.

«Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орын­дау­шылардың онлайн фестиваліндегі ән додасында өнер көр­сеткен Вашингтон қаласының тұрғыны Nika Davidhizar Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орын­дады. Дәл осы шығарманы орындауда әнші құдды бір өз ана тілінде ән салып тұрғандай әсер қалдырды.

Сонымен бірге осынау бағдарлама ая­сында ұйымдастырылған шараның бірі – Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн фестивалі. Шәмші әндерін орындаушылар қатарын толықтырған осынау фестиваль де «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында өтті. «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн фестиваліндегі ән додасында өнер көрсеткен Вашингтон қаласының тұрғыны Nika Davidhizar  Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орын­дады. Дәл осы шығарманы орындауда әнші құдды бір өз ана тілінде ән салып тұрғандай әсер қалдырды. Әр дауыстың өзіне тән бояуы, күші, тазалығы, икемділігі болса осы Nika Davidhizar-дың дауысы «Бақыт құшағында» әнімен бар қарым-қабілетімен ашылған. Сондай-ақ Кабардин-Балкар  Республикасының атынан өнер көрсеткен Халимат Гергокаева «Өмір-өзен», Ресей Федерациясы Санкт-Петербор қаласынан  Ольга Блохина «Кешікпей келем деп ең» әндерін өте жоғары деңгейде орындап шықты. Қырғыз елінің әншісі Жийдеш Мұратқызы, Алтай Республикасынан «Чуя» тобы тың­дарманның ыстық ықыласына ие болды.  Нұр-Сұлтан қаласынан Асылхан Шалқаров, Оралхан Алтынбеков сынды танымал әншілер, Қызылорда облысынан «Экспресс» ансамблі, Шымкент қаласынан «Асыл әжелер» тобы Шәмші әндерін нақышына келтіре орындап, мерекенің шырайын келтірді. Фестивальге Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербор қаласынан,  Беларусь, Әзер­байжан, Армения, Түрікменстан, Өзбек­стан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Қара­қалпақстан және Қазақстаннан жалпы 41 өнерпаз қатысты. Сонымен қатар  ТМД мемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штат­тары, Молдова, Моңғолия елдерінің әнші­лері өз өнерлерін көрсетіп, ыстық сәлемін жол­дады. Фестиваль қорытындысы бойынша  қатысушылар қала әкімінің арнайы дипломына ие болды.

Назгүл НАЗАРБЕК,  Шымкент қаласы