Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстанның үш қаласында ет жеткізушілер әрекетінде заң бұзушылық анықтады,– деп хабарлайды LS.
Монополияға қарсы органның мәліметінше, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сиыр етін көтерме саудада өткізетін 14 кәсіпорында Кәсіпкерлік Кодекстің 170-бабында қарастырылған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілері болған.
Хабарлама жіберілді. Олар оны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындауы керек.
Сонымен қатар, статистикаға сәйкес сиыр етінің бағасының өсуі тіркеліп отыр.
Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде тұрған сиыр етінің бағасы еліміз бойынша 15,5% қымбаттаған.
Бұл тұрғыда, Алматыда баға 25,8%, Шымкентте – 24%, Түркістанда – 23,4%, Нұр-Сұлтанда – 13,4% өскені анықталды.