Мая Бекбаева өзге ұлт өкілдерін төлқұжатта қазақ немесе қазақстандық деп жазуды ұсынды
Мая Бекбаева өзге ұлт өкілдерін төлқұжатта қазақ немесе қазақстандық деп жазуды ұсынды
317
оқылды
Кеше ғана ҚХА төрағасының жаңа орынбасары болып тағайындалған журналист Мая Бекбаева қазақстандықтардың жылы лебізіне алғыс айта келе, жаңа ұсыныс жасады.  Айтуынша, бұндай ұсыныс жасауына ұлты дүнген тараздық педагогтің Қазақстан халқы Ассаблеясының кеңесінде айтқан сөзі себеп болыпты.
"Ұлты дүнген Тараздағы мектеп директоры елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері өздерін қазақ деп сезінетінін айтты. Сондықтан басқа ұлт өкілдері төлқұжат толтыру кезінде өз қалауымен ұлты деген жолда өзін қазақ немесе қазақстандық деп көрсетуін ұсынды. Мәселен, АҚШ-та тұратын әрбір адам өзін америкалық деп көрсетеді. Бұл ұсыныс сіздерге қалай?", - деді ол.