Бұл сұраққа Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің директоры, м.ғ.д., профессор Дамир Дәулетбаев
Ауыл халқы базарға көп шыға бермей, сиырын сауып, сүтін ішіп, майын жеп, нанын пісіріп отырса, еш жаққа бармай, ол кісілерге сырттан әдейі келіп біреу жұқтырмаса, ауру жұқпас еді. Бірақ енді біздің қазақ той - томалақсыз, кемпірдің асы, келіннің тойы деп қалаға барады, базарға кетеді, сөйтіп сырттан ауруды алып келеді. Ал одан сақтанудың жолы қандай? Бірден-бір жолы ол - бетперде.
Бүгінгі күні халқымыз айтып жатыр, бетперде зиян, қытайдан алып келіп жатыр, оның ішінде уы бар, індеті бар, өздері жұқтырып жатыр деп. Екіншіден халық арасында көп айтылып жатқаны біз бетпердемен демалғанда оттегіні өкпемізге сорып аламыз да, ішіміздегі көмірқышқылын шығарамыз. Маскіде сол қалады да, біз демалып қайта ағзамызды улап жатырмыз, ішімізден микроб шығады да ол маскіге жабысып, қайта оны сорып ауру асқынуда деп айтуда. Енді мен түсіндіріп берейін, мысалы адам қайтыс болғанда бес минут клиникалық өлім деген болады, сол бес минуттың ішінде ми қызметі өлмей тұрып, жасанды демалдыру амалдарын, жүрек массажын жасасақ, сонымен бірге өзіміздің өкпемізден шыққан ауаны аузына үрлесек, оның демалы қалыпқа түседі. Мұны жаңағы маскіге қарсы шыққан адамдарға түсіндіру үшін айтып отырмын. Мына ауада 76 пайыз азот бар, 17 пайыз кислород (оттегі) бар, қалған құрамында газдар бар.Ал біз демалғанда сол 17 пайыз оттегінің 3-ақ пайызын қабылдаймыз. Сонда біз 14 пайызын қайтып шығарады екенбіз. Ал сол 14 пайыз өлім аузында жатқан адамға біздің үрлегеніміздің өзі жеткілікті.
Екіншіден біздің микробтарымызды софрапит дейді, біз сол микробтармен жүрміз.Ол микробтар біздің ағзамызға үйренген. Біз де ол микробтарға үйренгенбіз. Сондықтан ол микробтар басқа микробтарды кіргізгісі келмейді. Сол себептен оның біздің бетпердемізде қалып, қайта келгенінің ешқандай зияны жоқ. Бізге сырттан микроб келмесе болды. Өкінішке орай сақтану жолдары петперденің сапасына байланысты болады, біреулері микроб жібереді, кейбірі вирусты жібермей ұстап қалады. Оны да киюдің өзіндік жолдары бар. Бетпердені таза қолмен, екі сағаттан артық киюге болмайды. Қолданып болған соң оны құрту керек. Біз не істеп жүрміз? Үйге келген соң бетпердені аламыз да қалай болса солай лақтыра саламыз. Тіпті оны қайта киіп алады. Сөйтіп өзімізді өзіміз құртамыз. Одан кейін біреуді кінәлап жатамыз. Осының бәрін ақылмен қолды жуып, бетпердені киіп, оны шешкен соң қолданылмайтындай етіп тастап жүрсек, оның еш зияны болмас еді. Бірақ өкінішке орай дәрігерлердің қолдары тимейді оны түсіндіруге, халық оқуға ерінеді, сол себептен білмей сөйлегендердің қисық жолымен жүріп жатыр.
Бүкіл әлем халқы ақымақ емес қой, бәрі де бетперде киіп жатыр. Кимегендерге айыппұл да салып жатыр. Сол себептен қашпа, дақпырт әңгімелерді қою керек. Дәрігерлердің айтқанын тыңдап, нұсқауларымен емделу керек. Бетперденің матадан тігілген түрлері бар. Оны да бір күн пайдаланғаннан кейін үйге келген соң кір сабынмен жуып, үтікпен үтіктеу керек. Ол вирус та, микроб та 56 градуста өледі. Әр адам бізге үкімет жағдай жасасын деп қарап отырмай, өз жағдайын өзі жасасын.