Алматы полицейлері атыс қаруын қайта жасаумен айналысқандардың жасырын цехын анықтады деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінде әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді. Олар ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков