Таксист жолаушыны мекенжайына жеткізбестен ұрып, пышақтаған
Таксист жолаушыны мекенжайына жеткізбестен ұрып, пышақтаған
235
оқылды

Алматылық Құралай такси жүргізушісінің дөрекілігін айтып, жағасын ұстады. Оқиға осыдан үш апта бұрын болған.

[caption id="attachment_87624" align="alignnone" width="720"]жолаушы ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Құралайдың айтуынша, жүргізушісі жолаушыны белгіленген мекенжайына жеткізбей қойған. Оның бұл қылығына жолаушы ашулана бергенде, жүргізуші оны бас салып, ақшасын тартып алып, қол көтерген. [caption id="attachment_87625" align="alignnone" width="1024"]жолаушы ©сурет интернеттен алынды[/caption]

«Осындай көргенсіздікке ұшырағаныма, ыза кернеп, ішіп күйді. Ондай адам қоғамға қауіпті. Ол өз кінәсін мойындамайды және полиция бөлімшесіннің шақыруына келген емес. Әлі күнге дейін жауапқа тартылған жоқ. Менің ақымақтығым, жүргізушіге ақысын көлікке отырғанымда-ақ төлеп тастаған едім. Оның әрекетіне наразылық білдіргеніме маған қол көтеріп, пышақтап кетпекші болды», - деп шағымданды қыз Facebook-тегі парақшасында.

[caption id="attachment_87623" align="alignright" width="346"]жолаушы ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мәлімдеуінше, қылмыскер жазасын алып, әділдік орнайды деп полиция тарапынан әркет күткен екен.

« Үш апта бойы үнсіз отырмын. Әділдік орнайды деп күттім. Бірақ ешкім, ешқандай жазаға тартылмады. Бұл не деген сұмдық? Енді осындай қылмыскер емін-еркін жре бере ме? Шыны керек, қазір не істеу керектігін түсініп те отырғаным жоқ. Алайда «сақтықта қорлық жоқ», оның суретін, көріп, біліп жүргендеріңіз жөн» дейді Құралай.