Облыс әкімі Ханкөлдегі елесті тексеруге полицейлерді жіберді
Облыс әкімі Ханкөлдегі елесті тексеруге полицейлерді жіберді
126
оқылды

Басылымның жазуынша, облыс әкімі елеске қатысты ақпарат жалған деп санайды. Соған қарамастан, бәрібір полицейлерді елестің бар-жоғына көз жеткізу үшін Ханкөлге жіберді.

«Құқық қорғау органдары күнде таңертең тұрғындардың қауіпсіздігі жөнінде маған есеп береді. Сондықтан ел тыныштығын алған жайттың ақ-қарасын полицейлер анықтап көрмек. Егер елес кезіп жүргені шындыққа жанаспаса, демек жалған ақпаратпен біреулер қалжыңдап жүрген болуы мүмкін. Сондықтан полиция тексеріп, нақтысын елге айтады», – дейді Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ханкөл ауылының тұрғындары жол-жөнекей көлбеңдеп жүретін шашы жалбыраған елестен қорқатынын жазған едік.