Рүстем Әбдірашевтың фильмі Люксембургте көрсетілмек
Рүстем Әбдірашевтың фильмі Люксембургте  көрсетілмек
351
оқылды
Көрсетілім 16 қарашада Люксембург қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те Kinepolis Kirchberg кинотеатрында өтеді. Еске салсақ, бұл фильм Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына «Шет тілдегі ең үздік фильм» номинациясына ұсынылды.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген.

Тарихи кинотуындының режиссері – Еңбек сіңірген қайраткер, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» кинотуындыларының және «Қазақ хандығы» сериалының авторы. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі тарихи «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі. Бұл ауқымды тарихи жобаның идея авторы –  Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев. Фильмнің сценариі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған. Бұл фильм Керей мен Жәнібек хандардың хандық құрып, ірге кеңейту, мемлекеттің босағасын бекемдеу барысын суреттейді. 


Люксембург қаласында өтетін фильмнің көрсетілімін Орталық Азия мен Еуропа арасында мәдени көпір орналастыруға бағытталған коммерциялық емес Kazakhstan-Luxembourg Cooperation атты ұйым ұйымдастырып отыр.