«Жасыл ел» еңбек маусымын аяқтады
«Жасыл ел» еңбек маусымын аяқтады
179
оқылды

«Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XVI мау­сымы­ның жабылу сал­танаты өтті.

Жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, ұлт мүддесін ойлай­тын тұлға болып қалыптасуына  себепкер болатын  еңбек мау­сымы­ның жа­былу салтанатына қатыс­қан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова маусым бойы белсенділік танытып, үздіктер қата­рынан кө­рінген бір топ жас­тарды  марапаттады. Шарада алғаш сөз алған Бақыт­гүл Хамен­ова «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ма­ңызына тоқталып өтті. – Келешек ұрпаққа эко­логиялық бі­лім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриот­тыққа, жинақылық пен тазалыққа тәр­бие­лейтін «Жасыл ел» бағдар­лама­сының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Осы арқылы қан­шама жас бос уақытын тиімді өткізіп, еліне қызмет етуде. Жыл сайын «Жасыл елде»  еңбек еткісі келетін жастар санының артуы да көңіл қуантады. Өңірімізде жастарды ілгері дамытуға арналған жобалар да, мүмкіндіктер де аз емес. Тек оны өз керегіне қарай дұрыс пайдалану әрбір жастың құзырындағы дүние, – деді Бақыт­гүл Хаменова. Мұнан кейін облыс әкімінің орын­басары маусым бойы бел­сенділік танытқан бір топ жасты «Үздік жоба», «Үздік командир», «Үз­дік медиа маман», «Үздік штаб», «Үздік жұ­мыс беруші», «Жыл серпіні», «Үздік сарбаз» аталымдарымен марапаттады. Атырау облысында  соңғы бес жылда «Жасыл ел» жобасы аясында сегіз мыңға жуық жас жұмыспен қамтылған. Ал биыл 1 004 жас жұмысқа тартылған. Облыс орталығынан екі жүзден астам, ал  аудандардан жеті жүзден астам жас «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында еңбек етті. Еңбегі еленіп, халық алдында алғыс алып жатқан жастардың қатары келер жылы да толығары анық. Tyrsin       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы