Бизнесті қолдау мәселесін талқылады
Бизнесті қолдау мәселесін талқылады
177
оқылды
Елбасы «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер пала­та­сы­ның басқарма төрағасы Абы­лай Мырзахметовті қа­был­дады. Кездесу барысында Елбасына пан­демия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мә­лімет берілді. Сонымен қатар А.Мыр­зах­ме­тов халықтың әлеуметтік тұр­ғы­дан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйым­­дарын шығаратын отандық өн­дірушілермен жүргізіліп жат­қан жұмыс туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде халықты жұ­мыспен қамту, карантин шек­теу­лерінен зардап шеккен шағын жә­не микробизнес өкілдеріне қол­дау көрсету мәселелері тал­қы­лан­­ды.