Қосшыдағы жарық мәселесі партия назарында
Қосшыдағы жарық мәселесі партия назарында
125
оқылды

«Nur Otan» партиясы өткізген праймериз жеңімпаз­дары­ның бірі Қосшыдағы жарық мәселесін жеке бақылауына ал­ды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, жақында Қос­шы­дағы «Алтын орда» және «Диаманд» тұрғын үй кешендерінде жарықтың сөніп, тарифтің көтерілуіне бай­ла­нысты халық ауылдағы Республика кө­шесін жауып, наразылық білдір­ген болатын. Ондағы халық аталған тұр­ғын үй кешендерінде жарықты ки­ловатына 26,7 теңгеден төлеп жат­қанына наразы. Осының сал­дары­нан бір үйдің өзінде жарық та­рифінің айлық төлемі 10 мың тең­геден асып кеткен. Одан бөлек жа­рықтың жиі сөніп қалуы да аза­маттардың әбден мазасын кетірген. Себебі аталмыш тұрғын үйлердегі жылу батереясы да токқа қосылған. Көбінің балалары қашықтан оқып жатыр. Бұл мәселені реттеу үшін «Nur Otan» партиясы өткізген аймақтық прай­мериздің жеңімпазы Павел Без­вербный Целиноград ауда­ны­ның партиялық комиссия­сы­мен бір­ге отырыс өткізген. Оты­рыстың қо­рытындысы бойынша мәселені қа­дағалай алмағаны үшін Цели­ног­рад ауданы әкімінің орын­басары Қа­нат Ағзамұлы «сөгіс» түріндегі пар­тиялық жауап­керші­лік­ке тар­тыл­ған. Сонымен қатар аудандық әкім­дік­ке аталмыш тұрғын үйлердің әр тұр­ғынымен «АРЕК» ЖШС ара­сын­дағы келісімшартты жасау жұ­мы­сын осы жылдың 25 қарашасына дейін реттеуге кеңес беріліп отыр. Атал­мыш мәселе партияның об­лыс­тық филиалының бақылауына алын­ды.

Ә білмансұр ЖАСАН