19 қараша күні Ұлттық музейде «Нюрнберг сабақтары: ұмытылмас үшін» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Келушілер Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Ресей тарих қоғамы, Ұлы Отан соғысының орталық музейі (Мәскеу), Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігі Нюрнберг процесінің басталуының 75 жылдығына арнайы дайындаған экспозицияда ресейлік жетекші архивтерден, Ресейдің қазіргі заман тарихы музейінен (Мәскеу қ.) алынған сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттерді тамашалады. Көрме гитлерлік фашизмнің қылмысын айыптаған және адамзат тарихында ең көп қан төгілген Екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесін қойған әлемдік тарихтағы алғашқы Халықаралық әскери трибунал туралы сыр шертеді. Көрмеде Нюрнберг процесін тікелей сот залынан бақылаған, әлемге танымал суретші Борис Ефимовтың саяси карикатуралары да бар. Оның суреттерінен гитлерлік фашизмнің басынан аяғына дейінгі барлық тарихын білесіз. Сонымен қатар экспозицияның бір бөлігі ретінде Нюрнберг процесінің қатысушысы, Киевтік Арсений Кудрявцевтің жеке архивінен алынған ерекше фотосуреттері мен құжаттары көрсетілген. «Нюрнберг сабақтары: ұмытылмас үшін» көрмесі – Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасының маңызды құрамдас бөлігі. Ол Ресей Федерациясының «Ұлы Отан соғысы: ХХІ ғасырдағы көзқарас» атты ауқымды жобасын қорытындылайды.Айбике ЖАНАСЫЛ