Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды
Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды
123
оқылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында бір мектеп карантинге жабылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, Шалқар ауданындағы 7-сынып оқушысынан СOVID-19 анықталды. Мұнда білім алып жүрген оқушылардың бәрі қашықтан оқуға көшті.

«Облыстың білім саласы бойынша барлығы 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі Шалқар ауданының оқушысы. Сонымен бірге 10-ы педагог, үшеуі техникалық қызметкер. Төртеуі балабақша тәрбиеленушісі. Бұл білім ордаларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - деді Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, қазір 226 мектеп дәстүрлі форматта оқытып жатыр. Онда 19 мыңнан астам бала білім алып жүр. Өзгесі қашықтан білім береді. Өңірде 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтінішімен кешекші топ ашылса, келесі аптада 5-сыныпқа да кезекші сынып қосылады.